Алматыда Сергек камераларының саны артады
BNEWS.KZ
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жыл соңына дейін Алматыда қосымша 362 «Сергек» камерасы орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.
«Қазір қаладағы қоғамдық көліктер жүретін бөлікте ереже бұзғандарды анықтайтын «Жолақ» жүйесі орнатылған. Оның пайдасы зор. Көлік жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы үшін қосымша 362 «Сергек» камерасын орнатамыз»,– дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, ол қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52