Электромобиль иелеріне ақысыз тұрақ беру ұсынылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеуші топтың жетекшісі, депутат Арман Қалықов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаттары электромобиль иелеріне ақысыз көлік тұрағын беруді ұсынып отыр. Бұл туралы электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеуші топтың жетекшісі, депутат Арман Қалықов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Заң жобасында электрлі қозғалыспен жабдықталған көліктерді қаңтаруға және қоюға арналған арнайы тұрақ орындарын бөлуді, электромобиль иелерін көлік тұрағы орны үшін ақы төлеуден босатуды көздейді», – деді депутат.

Бұл құжатты бірінші оқылымда таныстырған депутат Самат Мұсабаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында аталмыш ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Барлық тұрақты электромобильдерге беріп тастамайды. Бұл жерде пайыздық қатынас қағидаты бойынша бөлінеді. 100-ге 10, 50 орын болса 5 орын деген сияқты. Жанармай құю стансаларының жанындағы электромобильдерге арналған орындарға басқа көліктер қойса, айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын айттық. Электромобиль тұрағы екенін білдіретін белгі тұрады. Соған басқа көлік қойса айыппұл болады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған көлік тұрағына қойса, АЕК: Ал біз электромобиль тұрағына АЕК деп отырмыз.

Электромобиль иелеріне ғана арналған тұрақ орындарын тегін ету азаматтарды алалау деп ойламаймын. Өйткені бұл қарапайым адамдарға арналған. Қарапайым адамға ресейлік көлік алғаннан осы жақсы емес пе. Тұрақ тегін болса, паркингті тегін қылса, салықты тегін қылса, утиль алымды тегін қылса, қарапайым адамға жасалып жатқан заң болмай ма? Меніңше, электромобильдердің бағасы халыққа қолжетімді. Нақты қанша екенін білмеймін. Мысалы қытайлық электромобильдер өте арзан», - дейді Самат Мұсабаев.

Новости партнеров