|
28.12.2022 | 14:05
378

Әкімдік қызметкерлер баспана кезегіндегі азаматтардың мәліметін заңсыз түзеткен

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған

Әкімдік қызметкерлер баспана кезегіндегі азаматтардың мәліметін заңсыз түзеткен inbusiness.kz

Бірқатар өңір әкімдіктерінің қызметкерлері баспана кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтерін заңсыз түзеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биыл азаматтар тарапынан түскен шағым негізінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдік қызметкерлерінің кезекте тұрған мәліметін заңсыз түзету фактісімен тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында заң бұзшылық фактілері анықталды. Осыған орай тиісті материалдар әкімдік қызметкерінің іс-әрекетін қарау және құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді», – деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның дерегінше, баспана кезегіне қоюдың қолданыстағы тетігі ашық емес. Осыған орай «Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Ол Мәжілістің қарауында жатыр.

«Заң жобасы аясында «Отбасы банкі» АҚ-ға баспананы есепке алу, қою және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын «ұлттық даму институты» мәртебесін беру көзделеді. Сонымен қатар «Отбасы банкі» АҚ базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылды. Онда баспанаға мұқтаж барлық азамат қамтылады», – деді Роман Скляр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир