Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтады

21.03.2022 18:03

Наурыз күні кешірімді болып, мейірімділік таныту өте маңызды – Асхат Аймағамбетов

kapital.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке.  Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны", - деді еліміздің бас ұстазы.

Сондай-ақ ведомство басшысы Ұлыстың ұлы күні барынша кешірімді болып, мейірімділік таныту маңызды деп санайды.

"Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды", - деп атап өтті министр Аймағамбетов.