Қазақстанда халықаралық еңбек ұйымы туралы конвенция қабылдау ұсынылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кәсіподақ құрамында 2 миллионнан астам мүше бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіподақ өкілдері Қазақстанда халықаралық еңбек ұйымы туралы конвенция қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай келісім елдегі ең төменгі жалақыны дамыған елдер деңгейінде белгілеуге мүмкіндік береді. Бүгін бұл бастама кәсіподақ федарациясының 26- сьездінде көтерілді. Бұл жолы алғаш рет онлайн кездесу өткізген кәсіподақ бір мезетте барлық аймақтан 157 делегатпен жүздесті. Жиында алдағы 5 жылға жоспар құрылып, басым бағыттар анықталды.

«Бұл сьезде делегаттар көптеген бастамаларды көтерді. Кейін келіскен соң, құжатты талқылауға үкіметке жеткізу ойда бар. Біз ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау методикасын, барлық саладағы жұмыскерлердің айлығын индексациялауды ұсынамыз. Сондай-ақ, ауыр және өміріне қауіп келтіретін жұмыста істейтіндерге зейнетке шығу жасын төмендетуді сұраймыз. Ондай кісілер ертерек шығуы керек деп ойлаймыз», – деді «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева.

Айта кетейік, кәсіподақ құрамында 2 миллионнан астам мүше бар. Алматыда орналасқан кәсіподақ пен мекемелерде 715 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді әрі аумақтық ұйымға көмектеседі. Жалпы кәсіподақтың басты міндеті - жұмыскерлердің құқығын қорғау.

Новости партнеров