|
28.12.2019 | 18:41
4238

Қайғылы жағдайға байланысты зиялы қауым өкілдері көңіл білдірді

Бұл трагедия - адамы қаза болған отбасылардың ғана емес, бүкіл қазақтың қайғысы

Қайғылы жағдайға байланысты зиялы қауым өкілдері көңіл білдірді

Қазақ қашанда басына қайғы түскен елге жұбату айтып, сабырлық тілеген халық. Қапыдан болған апат қалың елдің де қабырғасын қайыстырып, көңілдерін құлазытып тастады. Бұл трагедия - адамы қаза болған отбасылардың ғана емес, бүкіл қазақтың қайғысы. Алматы іргесінде орын алған әуе апаты барша отандастарымызды бей-жай қалдырған жоқ. Зиялы қауым өкілдері де тосыннан болған жағдайға байланысты қайғыға ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына ғана емес, жалпы ел-жұртымызға көңіл айтуға тура келеді. Алла енді алаш жұртына дәл осындай тосын оқиғаны бермесе екен деп тілейміз. Жаңа жыл қарсаңында осындай жанға бататын қайғылы қасіретті бөлісе отырып, әр отбасыға көңіл айтамын. Солардың басындағы қайғы-қасіретті бөлісеміз. Қазақтың басында, халықтың басында мұндай болмаса екен», - деді жазушы Нұрлан ОРАЗАЛИН.

«Көмейімізге тас тығылып, өксік болып тұрған жағдай бар. Сондықтан алдағы уақытта мұндай ауыр жағдайлар, әсіресе осы біздің авиация саласында кеткен кем кетікті түгендейтін, қайыра бір қарайтын, електен өткізетін есеп беретін. Сондықтан алдағы уақытта жағдайдың болдырмауын тиісті орындар қарай жатар. Бірақ осы бір ауыр жағдайды халықтың басына түскен ауыр қайғыны қабырғамыз қайысып көңіл айтамыз. Ендігіде ондай жағдай болмаса екен деп тілейміз», - деді «Ана Тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек ӘШІМЖАН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир