"Үйленудің ауылы алыс емес": Тәуекел Мүсілім сүйіктісі туралы айтты

"Үйленудің ауылы алыс емес": Тәуекел Мүсілім сүйіктісі туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға өзінің сымбаты мен әртістік шеберлігі арқылы танылған Тәуекел Мүслім сүйіктісімен көзге түсті. Ол жақын арада үйленетінін де жасырмады, деп хабарлайды oinet.kz Ревю бағдарламасына сілтеме жасап.

Актер Тәуекел Мүсілім біраз уақыттан бері көпшілік көзінен таса болған еді. Экрандардан түспейтін актердің бір сәтте неге назардан тыс қалғаны көпке қызық болды.

«Енді кішкене халық өзі бір сағынысып, біраз уақыт өткеннен кейін, тағы бір қауышайық деген ой ғой негізі. Жалпы, жұмыс болып жатса әрине біз түсеміз, жобаларға түсеміз. Әзірге бізде кішігірім мини отпуск», - дейді Тәуекел МҮСІЛІМ.

Тәуекелдің шығармашылығы бір бөлек, жеке өмірінде де жаңалықтар бар секілді. Ол кинопремьераға сүйіктісін ертіп келді. Ал жарияға жар салған Айтұрған Мамай есімді ару қайда?

«Мен негізі сурет жариялаған емеспін. Тек айтқан болатынмын. Дегенмен, сурет ешқандай болған жоқ. Енді ол сторис ия, ал жалпы БАҚ құралдарына берген жоқпын. Енді неге болмай жатыр, дегенде оған менде жауап бере алмаймын. Мүмкін Алла бұйырмай тұрған нәрсе. Енді Алла бұйырған күні үйленеміз. Дегенмен үйленудің ауылы алыс емес», - дейді актер.

Новости партнеров