Бүгінде оны жұқтырғандар саны 7000-нан асып кеткен
Кеше аспан асты елінің барлық қаржы институттары індетті бақылап, емдеуге тұтастай 27,3 миллиард юань аударған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі аталған елдің қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде қауіпті дерт Қытайдың барлық аймақтарында тіркеліпті. Соңғы ресми дереккөздеріне сүйенсек, коронавирустан 170 адам көз жұмып, оны жұқтырғандар саны 7 мыңнан асып кеткен. Опат болғандардың басым көпшілігі Хубэй провициясының тұрғындары.