Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті
Аlmaty.tv
Қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
17 желтоқсанда Атырау облысының аумағында қалың қар жауды. Көктайғақтың пайда болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде. Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді», — деп жазды ІІМ-нен.
Сондай-ақ Индер ауданы аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06