Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті

18.12.2023 18:05

Қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіліп жатыр

Аlmaty.tv

17 желтоқсанда Атырау облысының аумағында қалың қар жауды. Көктайғақтың пайда болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін  қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде. Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді», — деп жазды ІІМ-нен.

Сондай-ақ Индер ауданы аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.