Әнші індеттен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жақындарына сабыр тіледі
Димаш Құдайберген ұлттық аза тұту күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...», – деп жазды Димаш Instagram-да.
Әнші індеттен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жақындарына сабыр тіледі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)12 Июл 2020 в 11:03 PDT
«Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз», – деді ол.
Димаш Құдайберген қазіргі міндет ауырып жатқандарды аман алып қалу екенін атап өтті. Ол әрбір адамның өмірі үшін күресіп, ұлы мұрат жолында жұмылуға шақырды.
«Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!» – деді әнші.