Журналист Мира Мұстафина қайтыс болды

13.07.2020 18:26

Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы "Литер" газетінде журналист болып жұмыс істеді

Фото: facebook.com/mustafina.mira

Журналист Мира Мұстафина қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы "Литер" газетінде журналист болып жұмыс істеді.

Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада одан коронавирус анықталды, артынша пневмония асқынған. Сондай-ақ, журналисте қосалқы аурулары болғаны айтылады. Өткен аптада Мұстафина әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрапты.

Мира Мұстафина түрлі тақырыптарға, соның ішінде медицина, мәдениет, әскери тақырыптарға материалдар жазды.