|
27.06.2019 | 14:36
2912

ШҚО-да көпбалалы отбасылардың барлығына баспана берілмек

Облыс бойынша, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың барлығында 33 583 бала бар

ШҚО-да көпбалалы отбасылардың барлығына баспана берілмек tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылардың барлығына баспана беріледі. Қазірдің өзінде ондай отбасының балалары бақшаға тегін барып, оқушы балалары мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі. Өскеменде дәл осы мәселеге байланысты арнайы құрылған комиссия күні кеше кезекті отырысын өткізіп, жұмыстың кемшін тұстарын тағы бір мәрте пысықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақпан айында құрылған көмекті бақылау комиссиясының құрамында көпбалалы аналар да бар. Ендігі мектеп жасындағы балаларға форма, колледжде оқитын студенттерге білім тегін болады. Сонымен қатар ата-аналар балабақшаға да ақша төлемейді. Атаулы әлеуметтік көмекке де қол жеткізіпті.

«Қазір атаулы әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер шешіліп, көптеген ата-аналар алып та үлгерді», – дейді «Ақжүніс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анара Сүлейменова.

Облыс бойынша көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың барлығында 33 583 бала бар. Оның ішінде 8 626 баланың ата-анасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың формасына 626 млн теңге бөлінген.

Ал облыстағы үй кезегінде тұрғаны көпбалалы отбасылардың саны – 1 258. Дәл қазір олардың ішінде ауылда тұратын 230 отбасына баспана сатып алынуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир