|
27.06.2019 | 15:05
6947

Арыс арқылы өтетін пойыз жолы ашылды

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның сервис жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов айтты

Арыс арқылы өтетін пойыз жолы ашылды фото из открытых источников

Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның сервис жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов айтты.

«24 маусым күні төтенше жағдай орын алды. Осы жағдайға байланысты «Жолаушылар тасымалы» уақытша тоқтатылды. Үш күн бойы үлкен жұмыстар жасалды, өйткені Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап. Сол себепті жолаушылар тасымалын қалпына келтіруге қажетті барлық шаралар жасалды», - деді ол.

Пойыздардың қозғалысы бүгін ашылды.

«Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Енді қозғалыс кестесін реттеудеміз», - деді Сұлтанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир