Осынау кәсіби мерекеге орай ең ірі аймақтық энергия таратушы компанияның үздік қызметкерлері, сонымен қатар сала ардагерлері ақшалай сыйлықтармен, алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алайда, алматылық энергетиктер үшін басты сыйлық – еңбектерінің халықаралық деңгейде еленуі. Осы жылы Алматылық компания «Doing bisness» әлемдік рейтингінде 67-ші орынға қол жеткізген. Осылайша, энергетикалық қызмет көрсету сапасы бойынша біздің ел біршама еуропалық мемлекеттерден озып, 9 позицияға көтеріліпті.
«Бұл – біздің биылғы ең үлкен жетістіктеріміздің бірі. Компания өз позициясын едәуір нығайтты. Халықаралық дәрежедегі жетістік жұмысымыздың жоғары сапасын көрсетеді. Биыл біз Австрия, Франция және Канада сынды елдерден алда болдық. Мұның өзі Қазақстан энергетикасының қарыштап дамып жатқандығының белгісі», – деді «Алатау жарық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ