Көлік нөміріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі
Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көлік нөміріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктің өңірлік коды мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20»,- деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.