Бақытжан Сағынтаев шектеу шаралары коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл болатынын айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын үйде қалуға және айрықша қажеттілік болмаса көшеге шықпауға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Шектеу шараларын күшейту, әсіресе қалада жүріп-тұруды доғару шаралары бәрімізге қатысты. Басты мақсат — ауа-тамшы жолымен берілетін коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл қою. Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Карантин кезінде оқшауланып, үйіңізде отырсаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті індетті жұқтырудан сақтайсыз», – дейді қала әкімі Instargam парақшасында.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) 4 Апр 2020 в 12:02 PDT