Жедел алдын алу шаралары басталғалы 6 мың адам жауапқа тартылған
1 сәуірден бастап астаналық учаске инспекторлары 180 мың пәтер мен 23 мың жеке тұрғын үйді аралап, «Учаске» жедел алдын алу шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 1700 адам мен 2700 азаматтық қару иесі тексерілген. Жұмыс барысында заңсыз жалға беріліп жатқан 600 пәтер анықталған. Ол ақпарат қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып отыр.
Жалпы, жедел алдын алу шаралары басталғалы бері 6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол заңбұзушылықтардың 300-і - ұсақ бұзақылық болса, 2 мыңнан астамы - тіркеусіз немесе құжатсыз жүру секілді бұзушылықтар екені анықталған.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 1800 шетел азаматының қалада тұрып жатқаны белгілі болды.