Алматыда бір көше уақытша жабылады
stan.kz
Момышұлы көшесінде 13-23 тамыз аралығында көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Момышұлы көшесінде 13-23 тамыз аралығында көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Мобилділік басқармасы мәлім етті.
«Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы жол айрығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13-23 тамыз аралығында Момышұлы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады», делінген хабарламада.
Алматы қалалық Мобилділік басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
25.11.2026 09:40
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
25.11.2026 10:20