Жойқын жарылыстан зәре-құты қалмаған қарапайым халық қаладан жапа-тармағай қашып жатыр. Қазір Арыстағы бұқарамен байланысқа шығу мүмкін болмай тұр. Сол үшін Шымкент қаласында арнайы қауырт желі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Арыста шұғыл құрылған мобилді топ жұрттың қай қалаға бара жатқаны туралы ақпаратты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жолдап жатыр.
«Арыс қаласының өзінде мобилді топтар жұмыс істеп жатыр. Шымкент қаласының өзі мен қала аумағында жалпы 15 бекет ашылған. Оған түскен адамдардың мәліметтерін алып, тиісінше ары қарай туған-туыстарына жіберіп отырамыз. Тұрғындар тоқтаусыз жеткізіле береді. Жұмыс тәртібі әзірге осындай», – деді Шымкент қаласы ТЖД департаментінің баспасөз жетекшісі Зарипа ТҰРЫСБЕКОВА.
Енді ағайын-туыстың қай бағытқа бет алғанын мына нөмірге хабарласып біле аласыздар:
8(7252) 44 94 72 немесе 35 33 66.
Мамандар минут сайын бір қоңырауға жауап беріп үлгеріп жатыр.
Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша да қаурыт желі іске қосылды – 8 (727) 278-20-83, 278-20-84.
Қауырт желі
Шымкент қаласы: 8(7252) 44 94 72 немесе 35 33 66
Алматы қаласы: 8 (727) 278-20-83, 278-20-84