«Қорғас» кеден бекетінде декларациядан өтпеген ірі көлемдегі ішіктер тәркіленді. Күдіктілер шекарадан заңсыз алып өтпек болған тондардың жалпы құны 10 миллион теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал төленбеген кеден салығы 2 миллион 400 мың теңге. Заңсыздық Қытай Халық республикасы мен Қазақстан шекарасында болған тексеріс кезінде анықталған. Нақтырақ айтсақ, тәркіленген табиғи теріден жасалған 50 тонның жалпы салмағы 89 келі. Қазір ішіктер уақытша сақтау қоймасына тапсырылды. Аталған дерекке қатысты ұсталғандар заң шеңберінде жауапқа тартылатын болады.
«16 қазан күні түскі 15.00.30-да кедендік тексеріс кезінде заңсыз жолмен алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Тәркіленген тауар кұнының нақты бағасы 10 миллион теңгеден асады. Олар тиісті кедендік рәсімдеуден өтпеген», – дейді «Алтын көл» кеден бекетінің бас маманы Бекен НҰРАХМЕТОВ.