|
07.05.2019 | 13:12
2198

«Қара майор»: Елордада даңқты қолбасшы Борис Керімбаев туралы деректі фильм түсірілді

60 минуттық туындыны әскерилер, даңқты қолбасшының жасағында болған қаруластары тамашалады

Мереке қарсаңында елордада Ауған соғысының ардагері, «Қара майор» атанып кеткен даңқты қолбасшы Борис Керімбаев жайында түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Туындының атауы – «Жизнь специального назначения».

Фильмде қолбасшының «Екінші мұсылман жасағы» немесе ерекше міндет жүктелген 177-ші жасақпен жауға қалай қарсы тұрғандығы, қиын-қыстау кезде маңызды шешімді қалай қабылданғаны көрсетіледі.

Туындының сценарий авторы Әсет Ерназаровты «Қара Майордың» соғысу айла-тәсілін, қимыл-қозғалысын қалай ойластырғаны таң қалдырыпты

«Көзі тірі кезінде аңызға айналған адам. Мен үшін Бауыржан Момышұлымен теңдей ерлік көрсеткен жан. Сондықтан, осындай ел азаматтары туралы көбірек фильм түсіру керек», - дейді Әсет Ерназаров.

60 минуттық туындыны әскерилер, даңқты қолбасшының жасағында болған қаруластары тамашалады. 1979 жылы басталып, тек он жылдан кейін аяқталған ауған соғысында болғандар бейбіт күнге жетер байлық жоқ дегенді айтады.

«Біз бүгін тамашалаған фильм өскелең ұрпаққа керек дүние. Мен «Қара майордың» жасағында хирург болдым. Ол – аңыз адам. Жастарға айтарым, әскерге барыңдар. Қорықпаңдар. Біздің әскери күш бүгінгі күні жан-жақты дамыған. Ата-бабамыз әскер баланы еркек етеді деген», - дейді отставкадағы әскери полковник Асылхан ҮКЕЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир