Алматыда ерекше балалар арасында «Тең мүмкіндіктер әлемі – тең қоғам» атты байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушылар хореография, өлең оқу, ән айту, би билеу, қолданбалы өнер және сурет салу секілді номинация бойынша бақ сынады. Жүлделі орын алғандарға 50 мың теңгеден бастап, 120 мың теңгеге дейін қаржылай сыйлық табысталды.
Айта кетейік, іс-шара қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «Жауһар» қоғамдық қорының мұрындық болуымен ұйымдастырылған. Өнер додасына 80-нен астам өтінім түссе, оның 45-і іріктеуден өтіпті. Жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, олардың ата-анасын да қолдау, жасөспірімдердің бойындағы талантты ашу арқылы қоғамға бейімдеу.
– Бес түрлі номинация бойынша ерекше балалардың арасында байқау ұйымдастырдық. Үш айдың ішінде 80-нен астам өтінім түсті. Соның ішінде 45 баланы таңдап, 40 жеңімпазға бағалы сыйлық берілді, – деді «ЖАУҺАР» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы Нұрислам Исмаил.
Оқи отырыңыз: Салауатты ұрпақ: елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтеді