ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев көз жұмды

gov.kz
gov.kz
Ол 48 жаста еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиев өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағаның орынбасары Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиевтің (02.01.1975-13.06.2023) ұзақ науқастан кейін қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш...», – делінген комитет хабарламасында.

Полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев 1975 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

1997 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – заңгер.

2016 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарының жұмысы. Диплом бойынша біліктілігі: Техника ғылымдарының магистрі.

1997 жылғы қазан айынан 2008 жылғы маусым аралығында – Алматы қ. ІІД, ҚІІБ тергеушісі, аға тергеушісі болды.

2008 жылғы маусым айынан 2010 жылғы ақпан аралығында – Алматы қ. және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде қызмет етті.

2010 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы қазан аралығында – Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылғы қазан айынан 2021 жылғы шілде аралығында – Алматы қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы болды.

2021 жылғы шілде айынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігі басшылығы бірнеше рет марапаттады.

Новости партнеров