|
13.06.2023 | 13:45
288

Қазақстан қай елдерге ет экспорттайды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді

Қазақстан қай елдерге ет экспорттайды ашық дереккөзден

Өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрап, кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Пандемияға дейін –2019 жылы аусылдан ада мәртебесі болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусылдан ада мәртебе болмағанына қарамастан, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық», – деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл - соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

«Бұл үрдіс осы жылы да сақталуда. Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артты», – деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир