Пандемиядан кейін үлкен қажылық маусымы қайта басталды. Қазақстаннан қасиетті мекенге биыл 4000 адам бара алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еліміздің бас мүфтиі Алматы әуежайында қажылық сапарға аттанғалы отырған жамағатпен кездесіп, бата берді. Келген қонақтарға дәм су таратылып, парызын өтеуге бара жатқан жолаушылар жылы лебіздерін білдірді.
«Бұл тегін берілетін дүние емес. Бұл – қажылыққа баратын адамға берілген орын. Ол ақылы болады. Қазіргі таңда 14 туристік фирма бұны ұйымдастырып жатыр. Әрқайсының өзінің пакеттері бар әртүрлі. Эконом, стандарт, және тағы одан жоғары пакеттер бар. Кімнің жағдайы қайсысына келеді, өздері таңдау жасап, сол пакеттермен қажылыққа аттанады», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.