|
07.12.2023 | 18:31
5427

Шымкентте тұрғын үйлерге неге жылу берілмеген

Әкімдік өкілдері қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен

Шымкентте тұрғын үйлерге неге жылу берілмеген Almaty.tv

Шымкентте көпқабатты 11 тұрғын үй бір жарым айдан бері жылусыз отыр. Өйткені ондағы құбыр шіріп, ыстық су үйге емес, жерге жайылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бір жарым айдан бері жылуға зәруміз» деген тұрандықтардың тұрып жатқанына 6 жылдан асқан. Содан бері құрылыс сапасы, жарық пен жылу мәселесі өзекті. Бұқараның бұл жолы дірдек қағып отырмыз дейді. Олардың айтуынша, жаз мезгілінде жылы суды бір айға өшіріп, құбырды тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізген.

– Шын мәніндеғ ешқандай дайындық болмаған. Тұрғындардың үйін аралап көрсеңіздер де болады. 1-1,5 айдан бері жылуға зар болып отырған отбасылар бар. Қазір 11 үйге жөндеу жүргізіліп жатыр. Орта есеппен алған уақытта 536 пәтер жылусыз отыр, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлизат Сейдазова.

Арызын айтып, жұрт әкімдікке де барған. «Жылу орталығы жұмысымызда мін жоқ» деп есеп берген. Соған сенген шенеуніктер ақыры желтоқсанның бесінде жерді қайта қазып, тексеруге кіріскен. Шырылдаған жұрттың шағымы бекер болмады. Құбыр шіріп, күніне 50-55 тонна су ысырып болған. Кесірінен, көпқабатты үйлерге жылу жетпеген.

– Он бір үйге баратын жылу трассасын ауыстырып жатырмыз. Шіріген. Шынымен, тозығы жеткені көрініп тұр. Құбырды кесіп, Алматыға сараптамаға жібереміз. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін басшылықпен ақылдасамыз, – деді «Қуат жылу» орталық мекемесі директорының орынбасары Нұрбек Орынбаев.

Қыс басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен әкімдік өкілдері кемінде 10 миллион теңге шығын кеткенін растады. Енді оны сараптама арқылы жұмысына немқұрайлы қараған мекемеден өндірмек. Ал компания өкілдері кепілдік мерзімінің аяқталғанын айтып ақталды.

– Қоқыс тастауы, жүк көлігі өтуі мүмкін. Оны сараптама анықтайды. Бес жыл бойы істен шықпаған құбыр алтыншы жылы жарамсыз болып қалды ма?  Сол аралықта кепіл мерзімі ішінде ақау болса, жөндеп беретін едік, – деді «Отау строй» ЖШС заңгері Аңсар Сүлейменов

Айта кетейік, 9 қабатты үйлер мемлекеттік бағдарламасымен жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге берілген.

Сая Меңдеке, Елдар Жүнісқанов, «Алматы» телеарнасы, Шымкент

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир