|
14.01.2022 | 13:45
7467

Атыраулық тұрғын Алматы ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады

Кәсіпкер «қабырғаны қайыстырған қаңтардың қайғылы оқиғасынан кейін бәріміз қолдан келгенше көмек көрсетуіміз керек» деген ой айтты

Атыраулық тұрғын Алматы ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады Almaty.tv

Атырау қаласының тұрғыны Әділ Жұбанов Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады. Осылайша, Мемлекет басшысының «Күшіміз бірлікте» деген ұранымен басталған үндеуін қолдағым келді дейді ол, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіпкер «қабырғаны қайыстырған қаңтардың қайғылы оқиғасынан кейін бәріміз қолдан келгенше көмек көрсетуіміз керек» деген ой айтты.

«Әр азаматтың азаматтық борышы – қолынан келгенінше көмек ету. Біз де көріп жатырмыз, кімнің қолында қандай нәрсесі бар, сонымен бөлісіп жатыр. Басқа әріптестерім, кәсіпкерлер, үлкен кәсіпорындар Президенттің үндеуін қолдап, мейлінше, қолдан келгенше көмек көрсетсе, өте дұрыс болар еді деп ойлаймын», – деді кәсіпкер Әділ Жұбанов.

Бұл – осы кезеңде жалпы медицина саласына көрсетілген үлкен қолдау. Ақ халаттылардың айтуынша, жедел жәрдем көлігі науқастарды тасымалдау жұмысын жақсартуға септеспек.

«Жедел медициналық көмек көлігі ауыр науқастарды қаланың басқа емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін және амбулаториялық гемодиализ науқастары үшін қолданылады», – деді Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлбану Қонаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир