Көз жұмған 46 кеншінің аты-жөні белгілі болды
Қарағандыда Костенко шахтасында болған апатта көз жұмған 46 кеншінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
METALLURGy today газеті Костенко атындағы шахтада қаза болған кеншілердің толық тізімін жариялады:
«Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз өмірден өткен әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына жолығып, көңіл айтып, толық материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткіздік.
Оқиға кезінде 24 әріптесіміз зардап шекті, оларға ауруханаларда барлық медициналық көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Сол кезде жұмыста болғандарға қажетті психикалық қолдау да жасалады.
Компания қазір қайғылы оқиғаны тергеп жатқан мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс атқаруда. Сондай-ақ бұл апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеуді бастаймыз және оның қайталану ықтималдығын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат алда әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсетті. Бұл бізге сабақ болды. Осы бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Владимир Яблонский.