9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті діни мерекесі. Биыл Құрбан айт намазы Алматы қаласында қалай оқылады? Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы 10 күні қасиетті күндер саналады. Хижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айы 30 шілде күні басталды. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
«30 маусым күні елордада өткен брифингте бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Құрбан айт күндері 9-10-11 шілде күндеріне тұспа-тұс келетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Алматы қаласында Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін арнайы жоспар әзірлеп бекіттік. Алматы қаласында 53 мешітте 9 шілде күні таңғы сағат 6:30-да мерекелік айт намазы оқылады. Айтулы мерекенің басты ғибадаты құрбандық шалу рәсіміне мұсылман жұртшылығы айт намазын оқығаннан кейін барып кіріседі», – деді Алматы қаласының бас имамы.
Құрбан айт мерекесі туралы өткен баспасөз конференциясын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.