Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бір күндік оқыту семинары өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол қала әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған. Семинарға исламтанушылар, психологтар және саладағы білікті мамандар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Жат ағымның жетегінде кетпеу үшін жастардың діни сауаттылығын арттыруды сөз еткен спикерлер басқосудың маңызын атап өтті.
– Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері семинарда алған білімін күнделікті жұмысында қолданады деп сенеміз. Болашақта бағдарламаны бірге өзгертеміз, – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.
Оқи отырыңыз: Алматыда білім беру саласын қаржыландыру ұлғайды