Бұл туралы 24 ақпанда өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды
1 наурыздан бастап коронавирустың таралуы бойынша «жасыл аймақта» орналасқан барлық мешітте жұма намазы оқылады. Бұл туралы 24 ақпанда өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kazaknews.kz-ке сілтеме жасап.
«ВАК отырысының қорытындысы бойынша 7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізуге (30 пайызға дейін, 50 адамнан артық емес) рұқсат» делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың таратқан ресми ақпаратында.
Жақында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы астанада денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовпен кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді.