Жеңіс Қасымбек әуе билеттері бағасының неліктен қымбат екенін түсіндірді

03.09.2019 18:24

Вице-министр мәселені билет сатуды цифрландыру арқылы шешуге болады деді

Ел  ішінде  әуе  рейстерінің құны қымбат, ал темір жол билеттерін алу мүмкін емес. Кеше Президент Қасым -Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында  билет мәселесін айтып, жауапты мекемелерді сынаған еді. Ал бүгін вице-премьер Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында әуе билеттері бағасының  неліктен қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Билеттердің қымбат болуындағы басты мәселе  жүк көтергіштігі мен қазіргі сұранысты қанағаттандыру үшін ұшақтардың жетіспеушілігі», – деді Жеңіс Қасымбек.

Осы мәселені шешу үшін мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы ашылғанмен, олда проблеманы толық шеше алмаған. Сондықтан күн сайын ұшатын 14 рейсті жыл соңына дейін 28-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Билет құнын төмендетуге тағы бір үміт –  модернизациядан өткен мұнай зауыттарындағы  авиациялық жанармай бағасын арзандату. Ал пойыз билеттерінің жетіспеушілігіне  заңсыз делдалдар кінәлі. Билет таппай қиналған жолаушылардың мәселесін шешудің жолы билет сатуды цифрландыру болып табылады.