Нұр-Сұлтанда Қазақстан дінтанушыларының тоғызыншы форумы өтуде

Нұр-Сұлтанда Қазақстан дінтанушыларының тоғызыншы форумы өтуде
Шарада деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар санын азайту, оларды оңалту тақырыбы қызу талқыға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ақсақалдар институтын қайта қалыптастыру керек. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан дінтанушыларының тоғызыншы форумында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бас мүфтидің айтуынша, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көп ұлт арасындағы татулықты сақтауда, кейінгі ұрпаққа ұлағаттылықты ұялатуда қазыналы қарияларымыздың рөлі зор. Сондай-ақ діни қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесін де көтерді. Шарада деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар санын азайту, оларды оңалту тақырыбы қызу талқыға түсті. Бүгінгі таңда дәстүрлі діннен адасқандар Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында көп тіркелген.

«Бүгінде білімі мен тәжірибесі толысқан имамдардың да осы бағыттағы жұмыстарының арқасында елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат деструктивті ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінімізбен қауышып келеді. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының өзінің күнделікті сан салалы қызметі барысында басты төрт бағыт бойынша жұмыстарының бірі ретінде  деструктивті ағымдарға түсіндіру шараларын ерекше жасайды», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы ОРАЗ.

Форумды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Оған облыстардағы атқарушы орган өкілдері, дінтанушылар мен теологтар, елдің жоғары оқу орындары дінтану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Новости партнеров