«Алматы» арнасының тікелей эфирінде Тәуекелдің тұсауы кесілді

31.12.2021 18:28

Бүгін «Алматы» телеарнасындағы  «Таңғы STUDIO» бағдарламасының мерекелік шығарылымында ерекше оқиға болды.  Бағдарлама жүргізушісі, актер Тәуекел Мүслім өзімен аттас Тәуекел есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Әжесінің айтуынша, Тәуекелдің есімі де осы дәстүрге негізделген.

«Тәуекел ағасы сияқты болсын, соның жолын берсін деп ырымдадық. Бүлдіршіннің есімін әпкесі өзі таңдап қойды», – деді әжесі.

«Таңғы STUDIO» бағдарламасының жүргізушісі, актер Тәуекел Мүслім тікелей эфирде кішкентай Тәуекелдің тұсауын кесіп, туған күнімен құттықтады.

«Басқан қадамы құтты болсын! Еліміздің өркендеуіне, дамуына үлес қосатын үлкен азамат болсын!» – деді Тәуекел Мүслім.


Толық көрсету