Алматыда жазушы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер ескерткіші ашылды

19.03.2021 18:33

Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерінің достары мен пікірлестері үшін тағылымды кездесулер ұйымдастыру орны болары сөзсіз

gurk.kz

Бүгін Алматыдағы 12 аллеясында қоғам қайраткері, жазушы, публицист, аудармашы Герольд Бельгердің ескерткіші ашылды.  Шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, Гер ағаның көзін көргендер, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, депхабарлайды Almaty.tv.

Ашылу салтанатында сөз алған Қырымбек Елеуұлы қоғам қайреткері туралы ыстық естеліктерімен бөлісіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

«Халқымыз Гер аға деп құрмет тұтқан Герольд Бельгер саналы ғұмырында ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге, қазақ тілінің қарыштап дамуына айрықша үлес қосты. Қазақстан Германия мәдениеттерінің арасына алтын көпір оннатып, Абайды Алмания жұртының тануына, Гетені қазақ оқырмандарымен қауыштаруға көп еңбек сіңірді. Бұл ескерткіш еліміздегі бірлік пен татулықтың мызғымас белгісінің көрінісі ретінде бағаланып, өскелең ұрпақ өнеге алар тағылымды орынға айналатынына сенімдімін», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев,

Ал, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев жазушының азаматтығын айтып, қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегін жіпке тізді. Герольд Бельгердің ғұмыры үзілгенімен, тұғыры мәңгі биік болып қала бермек деді.

«Герольд Белгер бүкіл саналы ғұмырын өзінің сүйікті ісі жазуға арнады. Оның жазғандары жай жазу емес, ақиқат, шындыққа толы көркемді, керекті өнегелі сөз болатын. Өзі дүниеден өтсе де, оның өзекті шығармалары талқыланып жатады. Сөзі мен ісінің арасында айырмашылық жоқ, жазғанымен әрекетінің арасында алшақтығы болмайтын санаулы зиялымыздың бірі болаптын», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Шара барлық санитарлық талаптарға сай өтті. Келгендер арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталды. Айта кетейік, ескерткіштің авторы Нұрлан Далбай. Мүсіннің биіктігі 3 метрге жуықтайды.