Үй жануарларын есепке қою: ешкім пәтер жағаламайды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким үй жануарларын есепке қою тетігі жайлы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким үй жануарларын есепке қою тетігі жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ешкім де пәтер жағалап жүрмейді. Ешкімді үйге кіргізбеуге құқылысыз. Бұл сіздің конституциялық құқығыңыз. Дегенмен, қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда, мәселен көршілеріңіз итіңіздің аулада қарғыбаусыз бос жүргеніне шағымданғанда тексеріледі. Иттің иесі анықталған жағдайда оны есепке қоюға қатысты сұрақ туындауы мүмкін», - деді ол елордада өткен брифингте.

Сонымен қатар ол үй жануарларында чиптің бар-жоғын анықтау үшін арнаулы сканер қажет екенін айтады.

«Иттің бар-жоғын тексеру үшін арнаулы сканер қажет. Және де сіз үй жануарының иесі ретінде паспортын қағазға шығарып, чипі бар екенін көрсете аласыз. Дегенмен, учаскелік инспектордың үй жануарында чиптің бар-жоғын қатысты сауал қоюға құқығы бар», - деді Андрей Ким.

Новости партнеров