Алматының комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады

05.01.2022 18:33
ҚазАқпарат

Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле Би, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз. Сондай-ақ қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар Сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды. Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда. Қауесеттер мен фейктердің орын алуын ескере отырып, барлық қала тұрғыны мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды және соларға сүйенуді сұраймыз», – делінген хабарламада.