Қазақстандықтар биыл шетелден 1171 үй сатып алған

luxestate-turkey.com
luxestate-turkey.com
Түркия статистика институтының деректеріне сәйкес, шетелдіктер арасында жылжымайтын мүлік сатып алу саны бойынша қазақстандықтар тоғызыншы орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшылар шетелден үй алып жатқан қазақстандықтардың көбейіп жатқанын айтты. Отандастарымыз биыл 1171 сатып алу шартын жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев қазақстандықтардың елімізде және шетелден екі түрлі мақсатпен үй сатып алатынын атап өтті.

«Иә, шетелде тұру үшін баспана сатып алатын адамдар бар. Бұл олардың жалғыз баспанасы болады, яғни көшіп кетеді. Қазақстаннан кетуді жоспарламайтын, бірақ шет мемлекеттен үй сатып алып қоятындар да бар. Әдетте олар демалу үшін немесе жалға беру, қайта сату және ақша табу үшін инвестиция ретінде алады», – деді Чеботарев. деді Чеботарев.

Түркия статистика институтының деректеріне сәйкес, шетелдіктер арасында жылжымайтын мүлік сатып алу саны бойынша қазақстандықтар тоғызыншы орында тұр. Отандастарымыз биыл 1171 сатып алу шартын жасасқан. Бұл – 2020 жылдағы жалпы саннан 2,8 пайыз жоғары.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың арасында Солтүстік Кипр мен Грузиядан пәтер алатындар көбейген.

Новости партнеров