Елбасы жастарды оңай ақшаның соңынан қумай, адал ақша табуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыз жүрген жастарға үндеу жасады. Оңай ақшаның соңынан қумай, адал ақша табуға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Мен жұмыс таппай, әркімнің бір табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым айтып келемін. Қыздарға да, ұлдарға да. Мұндайды көру аянышты, себебі жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады, бірақ өзіңді өзің ешқашан сатпауың керек», - деді Назарбаев.
Ол жұмыссыздарға Naimi.kz ұялы қосымшасын ұсынды.
«Бұл қосымша барлығына жұмыс ұсынады және жақсы ақша табуға көмектеседі. Жұмыс - бақуатты өмірдің басты қайнар көзі», - деді Назарбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50