Қазақстан бойынша 230 адам қаза болды
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырсында қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған 230 адамның деректерін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазақстан бойынша 230 адам қаза болды. Оның ішінде 19 әскери және күш құрылымдары қызметкері бар. Алматы қаласында ең көп адам қаза тапты, олардың саны – 139 адам. Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқық тәртібін жүргізу барысында 86 шабуылдаушының көзі жойылғаны анықталды», - деді Берік Асылов.