150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады
Салтанатты рәсім ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімшесінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бөлімшенің тәрбие және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Аңсар Шәкенов атап өткендей, осы рәсім кезінде 150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады.
«Карантинге байланысты ант қабылдауды онлайн-режимде өткізуді шештікТікелей эфирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облысы қатысты. Барлығы мыңнан астам жазылушылар: сарбаздардың ата-аналары мен жақындары. Іс-шара әскери бөлімшенің аумағында өтті», – дейді Аңсар Шәкенов.
Айта кетейік, былтыр 5512 әскери бөлімшесіне 30 жыл толды. Оған Павлодардағы қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтарды қорғау міндеті жүктелген.