Өзің көрген, өзгенің берген ақылынан артық. Алматыда танымал кәсіпкерлер жастарға бір күндік мотивациялық семинар өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Олар 3 спикерден жиналып, бизнесті қалай бастанғандарымен бөлісті. «Кәсіп алаңы» шарасы қалада қазанның 18-іне дейін жалғасады. Осы аралықта 8 ауданда 100-ден астам мекенжайда кездесу өткізу жоспарланып отыр. Семинарлар әр сейсенбіден жұмаға дейін болады. Қатысу үшін толық ақпарат Qoldau.kz сайтында жарияланған. Мамандар мұндай басқосулардан соң кәсіп ашамын дегендерге де мол мүмкіндік барын айтады.
«Ең басты мақсат – қазан айының соңына дейін Алматы қаласында онлайн 50 мың адамды, оффлайн 30 мың адамды қамту», – деді «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларының Алматы қаласы бойынша жетекшісі Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ.