Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

10.06.2024 18:38

Бала ересектердің қарауынсыз қалған

Сгенерировано ИИ

Қарағанды өңірінде соңғы екі күнде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиғаның алғашқысы облыс орталығындағы ықшамаудандардың бірінде, бес қабатты тұрғын үйде болған. Үш жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған.

– Дәл осындай оқиға 9 маусымда Балқаш қаласында болған. Мұхамеджанов көшесінде 2 жастағы бала 5 қабаттан құлап кеткен. Бұл – жыл басынан бергі жетінші оқиға. Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді. Арнайы қорғаныс құралдары болуы керек. Терезенің тұтқасын бүлдіршіндер өз бетімен аша алмайтындай етіп бекіту тиіс, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұрлыбек Нұрмағанбет

Абырой болғанда, аталған оқиғаларда адам өлімі жоқ. Ал терезеден құлаған балалар дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты