Шенеуніктер 3 млрд теңгеге дизель отынына тапсырыс берген
Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданының білім бөлімі мемлекеттік сатып алу заңнамасын өрескел бұзған. Шенеуніктер 3 млрд теңгеге дизель отынына тапсырыс берген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда олар жанармайдың экологиялық санатына қатысты негізсіз талап қойған. Осыған байланысты құзырлы орган мемлекеттік сатып алудың күшін жойып, бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңға қайшы әрекет мұнымен бітпейді. Биыл Кербұлақ, Көксу, Ақсу, Сарқан және Қаратал мен Панфилов аудандарында 2,3 млрд теңгелік байқаудан заңбұзушылықтар анықталған.
– Биыл Жетісу облысы прокурорларымен 11 млрд теңгеден аса сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурсы жойылды. Жұмыс нәтижесі бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Олар әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын асыра бағалау, сондай ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілін таңдау кезінде айла шарғы жасау бөлігінде жіберілді, – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Ілияс Оразымбет.
Оқи отырыңыз: Тұрғындардың пәтерін заңсыз иемденіп келген қылмыстық топ құрықталды