|
11.02.2022 | 13:38
550

Мәжіліс бюросы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобын тіркеді

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтті

Мәжіліс бюросы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобын тіркеді ҚазАқпарат

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Депутаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары шығыстарының аталған адамдардың кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізіледі әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Аталған жаңалықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық ауқымды қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Палата қарауына волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша түзетулер туралы заң жобасы бірінші оқылымда енгізілмек. Бюро отырысында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заң жобасын жұмысқа алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Мәжіліс Бюросы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуын қадағалау және жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобын тіркеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир