Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ
Елімізде төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар және жұмысқа жарамсыздарға мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ. Олар электронды үкімет порталында өтініш толтыру қажет. Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді. Карантин уақытында мүгедектікті қайта қарау мерзімі, жұмыс істеу қабілетінің дәрежесін анықтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оңалту бағдарламасы автоматты түрде ұзартылады.
«Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедек деп белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді», – деді қалалық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан НАРМАТОВ.
Есте болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы 10 пайызға көтерілді. Жыл басынан бастап индекстелген аударымдар 1 сәуірден бастап ұлғайтылды. Жасына және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ барлық әлеуметтік төлемдер 5% -ға артты.
Зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыны жыл cайынғы 10% индекстеу:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2 778 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңге;
Күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге;
Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 668 теңге;
Ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңге.