Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауылда 60-қа жуық үй су астында қалған

09.04.2020 18:44

Мұндай мәліметті Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты

Фото ©Турар Казангапов

Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауылда 60-қа жуық үй су астында қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай мәліметті Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауылда 60-қа жуық үй су астында қалғандықтан, адамдар эвакуацияланған. Юрий Ильин мәселе ертең шешіледі деген пайым жасады. Сонымен қатар, Ақмола облысының аумағында, Жабай көлінің маңы мен Атбасарда қар еру белсенді жүріп жатқаны да айтылды. Салдарынан су деңгейі көтерілуде. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевск су қоймасында да су деңгейі екі метрден асып кеткен. Ол, ондай-ақ, ел тұрғындарын Қазгидромет болжамдарын ескеріп, ескертулерге құлақ асып, үйден шықпауын сұрады.