Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды

03.04.2020 18:38

Мұндай шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады

Фото Liter.kz / Александр Назаренко

Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл кезең тағы бір аптаға созылады. Мұндай шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады.

"Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты", - делінген хабарламада.