Қызылағаш құрбандарына қойылған ескерткіш қараусыз қалған

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ескертікшті қалпына келтіруге 3 күн уақыт берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ескерусіз қалған ескерткіш. Алматы облысында Қызылағаштағы апаттан құрбан болған жандарға арналған мемориал қараусыз қалғандықтан  қирап жатыр. Плиталары сынып,  айналасы қоқысқа толған. Саябақтағы ағаштары да  қурап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жауапсыздықтың кесірен су тасқынан қаза болған бейкүнә жандарға ұмытпауға, сол бір қорқынышты, қайғылы жайттың болғанын көрсетуге арналған ескерткіш  мемориал пайдалануға берілген күннен бастап Ақсу ауданы әкімдігі қарамағына тапсырылған болатын.  Алайда олар қараусыз қалдырыпты. Алматы облысының әкімі Амандық Батталов ескертікшті қалпына келтіруге 3 күн уақыт берген. Қазір жұмыс басталып кетіпті.



«Облыс әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша 3 күннің ішінде осы ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда тазалық жұмыстары басталды. Содан кейін құрылысшылар өз жұмысына кірісетін болады. Бірінші кезекте ескерткіштің өзі жаңартылады. Ал одан кейін айналасындағы орындықтар, жаңа көшеттер отырғызу одан кейін өз мерзімінде атқарылатын болады», – деді  Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.

Еске сала кетсек, Қызылағашта 2010 жылы 12 наурызда жарылған бөгеттің кесірінен  43 адам қаза тапқан. Оның ішінде 8-і бала.  Қызыл су 146 үйді толық шайып кеткен. Ал бас-аяғы 251 үй қирап қалған.  

Новости партнеров